Түркістан облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Түркістан облысында 25 маусымда жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оtyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға куәгерлері бес жүк пойызының рельстен шығып кеткенін түсірген видеоны жіберген.
"Түлкібас ауданындағы "Қарақшы" учаскесінде жүк пойызы рельстен шығып кетті. Апат салдарынан 4-5 вагон аударылды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр.
Кейін ҚТЖ баспасөз қызметі Шымкент стансасынан қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары жіберілгенін хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript