Атырауда жарықсыз қалған ықшам аудандарда электр қуаты қалпына келтірілді

Атыраудағы білім беру ұйымдары, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 23:45 Сурет: Zakon.kz
Атырау қаласында жарықсыз қалған Геолог, Жұлдыз, Томарлы, Бірлік және "Вокзал маңы" ықшам аудандары электр қуаты қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, № 35 балабақша мен Боран Нысанбаев атындағы мектеп, Геолог ықшам ауданындағы № 36 мектептің оқушылары ертең, 15 қарашада сабақты онлайн өтеді. Электр берілгеннен кейін аталған оқу ұйымдарының екінші ауысымындағы оқушылары сабақтарын штаттық режимде жалғастырады. № 35 балабақша ертең жұмыс істемейді.

13-14 қарашаға қараған түні Атырау қаласында Бірлік ықшам ауданындағы № 18 электр қосалқы станциясында өрт шықты. Салдарынан қаланың бірнеше ықшам ауданды жарықсыз қалды, кейбір білім беру мекемелері білім берудің онлайн форматына көшті.

Қазіргі уақытта апаттың көзі жойылды. Жағдайды аймақ басшысы жеке бақылауына алған.

8 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесуінде өңірдегі электр энергиясы, сондай-ақ сумен байланысты проблемаларды шешуді тапсырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: