Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның энергия жүйесі қалпына келтірілді

Апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2022 20:41 Сурет: Zakon.kz
Орталық Азияның энергия жүйесіндегі электр энергиясын тұтынудан генерацияның айтарлықтай ауытқуына байланысты шамадан тыс жүктеме орын алды. Қазіргі уақытта Қазақстанның энергожүйесі қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022 жылғы 25 қаңтарда сағат 11:59-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Орталық Азияның энергия жүйесіндегі электр энергиясын тұтынудан генерацияның айтарлықтай ауытқуына байланысты 500 кВ «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр транзиті шамадан тыс жүктелді.

Электр желілерінің зақымдалуына жол бермеу және ірі жүйелік аварияны болдырмау мақсатында «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр транзиті аварияға қарсы автоматиканың дұрыс жұмыс істеуі арқылы бөлінді, бұл Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың тоқтан толық ажыратылуына жол бермеді. Штаттан тыс жағдай орын алған кезде Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтыну көлемі 3200 МВт құрады. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Аварияға қарсы автоматика әрекетімен тұтынушыларды 1300 МВт көлемінде электрмен жабдықтай отырып, Жамбыл ГРЭС-і, Шымкент ЖЭО-3, Қызылорда ЖЭО-6 және Алматы облысының электр станцияларының жұмысын толық тоқтатуға жол берілмеді.

Мәжбүрлі шектеулер 1900 МВт құрады. 50 Гц нормативтік жиілікте – Орталық Азияның энергия жүйесіндегі жиілік 47 Гц-ке дейін күрт төмендеді, соның салдарынан Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері толық өшірілді.

  • Сағат 13:39-да Қазақстанның ұлттық электр желісінің қалыпты схемасы қалпына келтірілді. Қырғызстанның энергия жүйесімен қатарлас жұмыс қайта жанданды.

  • Сағат 14:53-те Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша барлық шектеулер алынып тасталды.

  • Сағат 15:10-да Жамбыл 500 кВ, Шымкент 500 кВ шағын станцияларына кернеу берілді. Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларын электрмен жабдықтау 16:00-де қалпына келтірілді.

Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында энергия жүйесінің қалыпты режимі және тұтынушыларды электрмен жабдықтау қысқа мерзімде қалпына келтірілді. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйесінде тұтынушылар тоқтан толық өшірілді. Қатарлас жұмыс аясында Қазақстан тарапынан Өзбекстан Республикасындағы аварияны жоюға көмек көрсетіліп жатыр, өңірлік станциялар кезең-кезеңімен іске қосылып, электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: