Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты тағы бір пойыз жолға шықпай қалды

Жолаушылар пойызы, Ақтөбе-Алматы-1, төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 14:38 Сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды. Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.

"Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Айта кетсек, Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты бес жолаушылар пойызы  жолға шықпағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: