Алматы облысында жолаушылар автобусы өртенді
Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
2023 жылы 17 қарашада Алматы облысының Байсерке ауылында жолаушылар автобусы өртенді. Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz-ға өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуына байланысты туындағанын жеткізді.
ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге сағат 16:29-да келіп түсті. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу аттанды.
"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жолаушылар автобусының отқа оранғанын анықтады. Өрттің алдын-ала себебі - қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт сағат 16:58-де толығымен жойылды". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сондай-ақ құрбандар мен зардап шеккендер жоқ екені де нақтыланады.
"Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД құрамынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бүгін, 2023 жылы 17 қарашада Алматы қаласының Түрксіб ауданында жиһаз қоймасы өртенді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript