Алматыда базар маңында жолаушылар автобусы өртенді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 20:17 Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы "Жетісу" базары ауданында 4 сәуірге қараған түні "Лиаз-529265" маркалы №125 бағыт бойынша қатынайтын автобус өртенді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz-ға өртті сөндіруге небары алты минут кеткенін жеткізді.

ТЖД мәліметтері бойынша, жанып жатқан автобусты сөндіруге көбігі бар оқпандар, сондай-ақ автобус қаңқасын салқындату үшін тағы бөлек оқпандар пайдаланылды.

Өртті сөндіруге барлығы алты минут уақыт кетті, деп нақтылады ведомстводан.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

"Көлікте от тез тарайды, 2-3 минут ішінде оны толығымен жойып жібере алады. Осыған байланысты жолаушылар оттың шығу белгілері пайда болған алғашқы сәтте-ақ дереу есіктен немесе қосалқы шығу орындарынан шығып кетуі керек!" Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Осындай жағдай 15 ақпанда таңертең Алматыдағы Шығыс айналма жолында орын алды: ол кезде 131-ші бағыт бойынша қатынайтын автобус өртенген болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: