Астана мен Алматыда жаңа жылдық отшашу бола ма

Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов Жаңа жыл мейрамы кезінде өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызметінің басшысы Рамиль Камаловтың айтуынша, қазір аумақтық органдардың төтенше жағдайлар департаменттері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отшашуды атқылайтын қауіпсіз жерлерді анықтап жатыр.

"Әрине, дәстүрлі жаңажылдық отшашу болады. Сонымен қатар 24-28 желтоқсан аралығында жаңажылдық ертеңгіліктер, оның ішінде облыс, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің қатысуымен өтеді. Ал президент шыршасы алдын ала 29 желтоқсанға жоспарланған".Рамиль Камалов

Сонымен қатар ол жаңа жылдық мерекелер кезінде жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылжымалы арнайы техника, кезекші бригадалар мен инженерлік-инспекторлық қызметкерлердің іс-шаралар жоспары мен тиісті кезекшілік кестесі жасалатынын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жаппай іс-шаралар мен отшашулар өтетін барлық орынды алдын ала тексеріп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етеді.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді