Астана тұрғыны аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Ол масайған күйде аялдамаға зақым келтірген. Полиция оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полицияға белгісіз біреудің мас күйде аялдама павильонының әйнегін бүлдіріп алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Осы фактіге қатысты қаланың 21 жастағы тұрғыны анықталды. Ер адамға айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылады. Сонымен қатар 147-1 бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. 


"Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Жинақталған материал әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды", - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады