Астанадағы дәмханалардың бірінде 37 адам астан ұшынды

Сурет: Zakon.kz
Астанада "Okadzaki" мейрамханаларының бірінде тамақтанған 37 адам өзін жайсыз сезініп, қатты ұшынған. Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іле-шала қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс басталғанын хабарлады. Қоғамдық тамақтану нысанындағы жаппай тағамнан улану жағдайы осы айда тіркелген. Қазір жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр. Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Дәл осы "Okadzaki" мейрамханалар желісінің бірінде былтыр 100-ге жуық адам уланған, деп хабарлайды Astana.tv.

"Okadzaki" мейрамханасындағы улану жағдайы желтоқсан айында болды, ол бойынша қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні зардап шеккендердің саны - 37 адам. Өтініш берушінің шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуде". ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды