Қарағанды облысының полицейлері есірткі тасымалдаушыдан тәркіленген "синтетиканы" жойды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысының полицейлері есірткі тасымалдаушыдан тәркіленген 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылдың 12 қазанында Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Алматы – Екатеринбург тасжолында есірткі сақтады деген күдікпен 35 жастағы азаматшаның басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.

Полиция қызметкерлері көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында ішінде ұнтақ тәрізді заттары бар полимерлік пакетті анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың жалпы салмағы 2,7 келі есірткі заты екені белгілі болды.

Сондай-ақ қарағандылық тәртіп сақшылары күдіктінің Астана қаласындағы пәтеріне тінту жұмыстарын жүргізу барысында ол жерден ерекше иісі бар ақ түсті 282 грамм ұнтақ тәрізді заттарды анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл заттардың синтетикалық есірткі екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментіне қарасты Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына жүктелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қылмыстық іс бойынша қаулының шешіміне сәйкес есірткі тасымалдаушыдан тәркіленген есірткі жойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді