Сочидегі КВН фестивалінде ресейлік әзілкешті өлтіріп кетті

Сурет: Instagram/amiran4ik92
Ресейлік әзілкеш Амиран Геворкян Сочидегі КВН фестивалінде төбелес салдарынан қайтыс болды. Ол 31 жаста еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Российская газетаның" хабарлауынша, әзілкеш төбелес салдарынан қайтыс болған. Яғни КВН фестивалі өтіп жатқан қонақүйдің жанында жан тапсырған. Амиран Геворкян ауыр халде ашық бас-ми жарақатымен ауруханаға түсті. Екі күннен кейін әзілкеш есін жимай ауруханада көз жұмды.

Басылымның хабарлауынша, Геворкян мен фестивальдің тағы бір қатысушысы Артур Расуловтың арасындағы төбелес қонақүйдің барында басталған. Бір кезде балағат сөздің кесірінен әзілкештер арасында кикілжің басталып, соңы төбелеске ұласқан. Фестиваль күзетшілері ер адамдарды сыртқа шығарған, сол жерде Расулов ​​Геворкянның басынан ұрған. Әзілкеш құлап, басын баспалдаққа соғып, ауыр жарақат алды.

Амиран Геворкян 31 жаста еді. Әзілкеш "Оңтүстік астана" КВН командасында өнер көрсетті.

Ал, Атырау облысында жаппай төбелес салдарынан жасөспірім көз жұмды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады