Қызылордада екі браконьерден 76 киіктің ұшасы тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Қызылорда полицейлері 76 киікті заңсыз тасымалдаған күдіктілерді оқиға орнында ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 6 ақпан күні сағат 22:30 шамасында Қызылорда полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері "Браконьер" іс-шарасы аясында Жезқазған-Қызылорда тасжолында Toyota Hilux және Toyota land cruiser автокөліктерін тоқтатпақ болған. ​Алайда күдіктілер полицияның тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалағысы келген.

Дегенмен тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы Toyota Hilux автокөлігінен 29 бас, Toyota land cruiser автокөлігінен 47 бас киіктің ұшасын, сонымен қатар Toyota Hilux автокөлігінен 9 дана 12 калибрлі оқ дәріні тауып, тәркіледі.​


"Аталған дерек бойынша ұсталған 35 және 28 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазір тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы шешіліп жатыр. "Браконьер" жедел-профилактикалык іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының 2 дерегі анықталды. Бұдан бөлек 9 киік ұшасының алыну деректері бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қызылорда полициясы.
Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді