Астанада әйел автобус жүріп келе жатқанда құлап кетті

Сурет: Zakon.kz
Қазнетте әйелдің автобустан құлап кеткені түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода адам лық толы автобусқа әйелдің кіріп, есіктері жабылып жатқанын көруге болады. Есіктер қайта ашылып, әйел одан құлаған кезде автобус қозғала бастайды. Алайда автобус жүргізушісі тоқтамайды. Қазір әйелге не болып жатқаны белгісіз.

Видео авторлары оқиғаның 24 ақпан күні таңертең Астанада болғанын алға тартады.

Желі қолданушылары жүргізушінің бұл әрекетіне де, қоғамдық көлікті тоқтатпайтын жолаушыларға да наразы болды.

Ақпанның 23-і күні Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршіннің соққыға жығылғаны Қазнетті дүр сілкіндірді. Ғаламторда тараған кадрларда балалар сыныптасын аяусыз соққыға жыққан.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды