Алматыда жол апатына ұшыраған көлік ұрланған, ал тізгініндегі жүргізуші мас болып шықты

Сурет: Zakon.kz
24 наурызда Алматыда қатты соққы салдарынан екі көлік екі жаққа ұшты. Zakon.kz тілшісі аталған жол апатына қатысты жүргізушілердің бірінің көлікті ұрлап мінгенін әрі мас күйде болғанын біле алды.

 Жол апаты Райымбек даңғылы бойында болған. Volkswagen Jetta автокөлігі батыс бағытта жүріп келе жатып, Өтеген батыр көшесіне жетпей бұрылмақшы болады. 

Сурет: Zakon.kz

Бұрылу кезінде оны Chevrolet Оnix көлігі бар жоғары жылдамдығымен келіп киіп кетеді. 

Сурет: Zakon.kz

Соққыдан екі көлік те әртүрлі бағытқа ұшып түскен, салдарынан екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді.


Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz тілшісі жол апатына дейін Chevrolet-тің ізіне полиция түскенін, ал аталған көлік Алматы облысында іздеуде болғанын біле алды. Жол апатынан зардап шеккендердің бағына орай жақын маңда жедел жәрдем көлігі тұрған, соның арқасында олар жақын маңдағы ауруханаға тез жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ, полицейлер ұрланған көлікті тізгіндеген жүргізушінің мас күйде болғанын, оған қатысты көлікті ұрлап әкету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін