Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның да денесі табылды

Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та Жылыой ауданы Құлсары қаласында ТЖД күштерімен әкесімен бірге жоғалып кеткен баланың денесі де табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 2000 жылғы баласының денесі өз үйінен бір шақырым қашықтықта 1.5 метр тереңдіктегі су астынан табылды.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылы 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылғы ер адам 2000 жылы туған баласын ертіп, су басқан үйін көріп қайтуға аттанған.

Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына қарамастан іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 40 жеке құрам, 1 бірлік техника, 6 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды.

1976 жылғы ер адамның денесі, бүгін, 14 сәуірде шамамен сағат 09-00-де табылды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы