30 сәуірде Еуразиялық гуманитарлық колледжде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған тақырыптық кураторлық сағаттар, "Бар береке – бірлікте!" дөңгелек үстелі жоспарланған.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да, сондай-ақ бірнеше колледжде ҚХА мүшелерінің Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған оқу орындарындағы дәрістері өтеді.
"Железнодорожный" тұрғын алабында 30 сәуір күні мектеп оқушылары арасында "Татулық мекені" атты сурет байқауы өтеді. Дәл осы күні №1 және №3 Балалар музыкалық мектебінде концерттік іс-шаралар жоспарланып отыр.
Бұл күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дөңгелек үстел, "Көптілділік қазақстандық білім беру үрдісі ретінде" блиц турнирі, сол сияқты "Жансая" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алушыларға, ата-аналарға, қызметкерлерге арналған концерт өтеді.
Сол сияқты 30 сәуір күні "Үміт" дағдарыс орталығында, "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында, "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында концерттер, ұлттық ойындардың фестивалін, сурет конкурсын өткізу жоспарланып отыр.
30 сәуір күні Қазақ технология және бизнес университетінде дөңгелек үстел, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында "Достық керуені" театрландырылған-хореографиялық композициясы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде "Достығы жарасқан ел" атты студенттермен дөңгелек үстел өтеді.
Бұл күні Бөгенбай даңғылы мен Жеңіс даңғылының қиылысындағы "Ақжайық" саябағында Этномәдени бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен ағаш отырғызу іс-шарасы өтеді.
30 сәуір мен 1 мамыр күндері Жазушылар аллеясында әлемнің әртүрлі тілдеріндегі өлеңдерді мәнерлеп оқу іс-шарасы өтеді. Сол сияқты дәл осы аллеяда "Бір шаңырақ астында" асфальтқа сурет салу байқауы, "Кітап қала" кітапханасы негізінде "Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан" тақырыбында кітап көрмесі, Байқоңыр ауданының кішкентай тұрғындары арасында көңілді старттар өтеді.
1 мамыр күні қала бойынша "Бауырсақ біріктіреді" (бауырсақ тарату) мерекелік шарасын өткізу жоспарланып отыр.
Ә.Мәмбетов атындағы комедия-драма театрында "Ақан сері" қойылымының премьерасы, "Жастар" сарайында "Сарайымыздың балалары" концерті өтсе, "АЛЖИР" мемориалдық-мұражай кешенінде "Ұлт бірлігі – Ұлы байлық" көрмесі, С.Сейфуллин атындағы мұражайда "Бірлік түбі – береке" көрмесі, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында "Бірлігі жарасқан Қазақстан!" көрмесі өтеді.
Б.Момышұлы, 5 мекенжайындағы Оқушылар сарайында мерекеге арналған бірқатар іс-шара қолға алынбақ. Сол сияқты №42 орта мектепте "Бейбітшілік пен келісім тілейміз" мейраммен құттықтау челлендж акциясы (әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен) ұйымдастырылады.
Бұл күні Қазақ ұлттық хореография академиясында "Ынтымағы жарасқан Қазақстан" дөңгелек үстелі жоспарланып отыр.
Ал, оңтүстік астана - Алматыда атаулы мереке қалай тойланбақ?