Дөнерханадағы өрт: төтеншеліктер сыртқа сегіз газ баллонын алып шықты

Сурет: видеодан алынды
Астанада өрт сөндірушілердің күшімен дөнерханадағы өрт сөндірілді. Өрт сөндіру барысында қызыл жалын ошағынан сегіз газ баллоны сыртқа алып шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

"Донер кафесіндегі өрт оқшауланды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы - 80 шаршы метр. Өртті сөндіру барысында алдын ала болжам бойынша газ баллондарынан 4-5 тарсыл болды", делінген хабарламада.


Алдында Астанада Байқоңыр ауданында тамақтану орыны - дөнерхана өртеніп жатқаны хабарланған. Оқиға куәгерлері өрт кезінде жарылыс болғанын айтып, оның видеосымен желіде бөлісті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды