Су тасқыны: Үй құрылысы үш айда аяқталуы тиіс

Сурет: Zakon.kz
Тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспана үш ай ішінде дайын болуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр орынбасары Қанат Бозымбаев құрылыс жұмыстарын сапалы әрі жедел жүргізуге барлық мүмкіндік қарастырылғанын атап өтті, деп жазады qazaqstan.tv.

Вице-премьер өзімен бірге елімізге белгілі меценаттар мен ірі қорлардың өкілдерін ертіп барды. Тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспана негізінен, демеушілер есебінен бой көтереді. Әзірге белгілісі, облыс бойынша 18 миллиард теңгеге 651 үй салынады. 9,7 миллиардқа тағы 398 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша дайын үйлер де сатып алынуда. Қанат Бозымбаев табиғи апаттың зардабын жоюға бағытталған жұмыстармен де танысты.

"Үйлерді сатып алуға немесе салуға қаржы бөлініп жатыр. Басқа шығындар – бұзылған көпірлер, жолдар, электр торабы – оның бәрі бюджет есебінен төленетін болады." Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары
Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды