Жұмыс берушісінің офисінен қомақты сомада ақша ұрлаған астаналық жігіт ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның офисінен ақша қаражатын ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы Астана қаласының тумасын анықтады.

Тергеу барысында жігіт жәбірленушінің жүргізушісі болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Міндеттерін атқарып жүріп ол жұмыс берушісінің офисінде қомақты сомада ақша барын біліп алған.

Жәбірленуші отбасымен шетелге кеткен кезде қаскүнем офистің құлпын бұзып, ішінен 25 мың АҚШ долларын және 2,5 млн теңгені жымқырып кеткен. Жігіт ұрланған ақшаның жартысын өз керегіне жұмсап, қалғанын бәс тігуге қойып, ұтылып қалған.

Аталған фактіге қатысты ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіттің елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы