Дәрігерлердің айтуынша, otyrar.kz жазғандай, ұрықтың дамуы жүктіліктің төртінші айына сәйкес келеді.
"Оның қалай дүниеге келгені белгісіз. Сарапшылар әйелдің мерзімінен бұрын босануын тудыратын дәрі қабылдағанын жоққа шығармайды. Мәйіттен басқа қораптан жазба табылды. Алайда оның мазмұны, әйелдің перинаталдық орталықтың ғимаратына қалай кіргені әзірге белгісіз", - делінген хабарламада.
Қазір полицейлер әйелді іздестіріп жатыр.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін мегаполис полициясына жүгінді.
"Осы фактіге байланысты қала тұрғыны анықталып, ұсталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды." Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
2024 жылдың 24 ақпанында Қарағандыда суықта сәбиді подъезге тастап кеткені белгілі болды. Полицейлер балаға қауіп төніп тұрғаны үшін қылмыстық іс қозғады.