Алматыда мейрамханадан өрт шықты

Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Алматыда 11 мамырда қымбат мейрамханалардың бірінде өрт шықты. Қалалық ТЖД аталған фактіні растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрт шыққан мейрамхана Бостандық ауданында орналасқан, атауы - Окадзаки. 

"Өрт туралы хабарлама 11 мамыр күні сағат 10:30 шамасында келіп түсті. Оқиға орнында жеткен өрт сөндірушілер оттың ас бөлмеде тұтанғанын анықтады. Бостандық аудандық ӨСБ-1 10 шаршы метр аумақты шарпыған оттың ары таралуына жол бермеді. Мейрамханада болғандар өз бетімен сыртқа шығып үлгерген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ". Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сағат 10:34-те оқшауланып, 10:37-де толықтай сөндірілді. 

Айта кетсек, 11 мамырда Қызылордада дәмхана өртеніп, 14 адам эвакуацияланды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз