Қызылордада дәмхана өртеніп, 14 адам эвакуацияланды

Өрт, Қызылордада, дәмхана, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 09:47 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қызылорда қаласында 11 мамырда таңертең бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханадан өрт шықты. Өрт кезінде құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шыққан дәмхана бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ маршымен тұрғындарды эвакуациялады.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты қамтыды.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: