Алматы облысында граната жарылды: екі полицей зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында полиция жаттығуы барысында граната жарылып, екі қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қонаев маңында Алматы облысы ПД қызметкерлері жаттығулар өткізгені хабарланды. "Қызметкерлердің бірі гранатаны лақтыруының нәтижесінде СОБР – дің екі қызметкері ауруханаға түсті", - делінген жарияланған ақпаратта.

Осы факті бойынша өңірдің ПД баспасөз қызметі оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасын пайдаланған облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын растады.

"Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады полиция.

15 мамырда Алматы облысында мектептің қарама-қарсысында жеңіл көлік жарылды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты