Алматы облысында мектептің қарама-қарсысында жеңіл көлік жарылды
Сурет: Instagram/gres_big_family
15 мамырда сағат 18:16-да Өтеген батыр ауылындағы №8 өрт сөндіру бөлімшесінің байланыс желісіне Рысқұлбеков көшесінде көліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымен әлеуметтік желіде №24 мектептің жанында жеңіл көлік жарылғаны туралы ақпарат тарады.
Zakon.kz редакциясы аталған оқиғаға қатысты ресми сауалмен Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне жүгінді.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер "Volkswagen Passat" маркалы жеңіл көліктің моторы орналасқан бөлігінің 1 шаршы метрі қызыл жалынға оранғанын анықтады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары сапынан төрт қызметкер және бір техника жұмылдырылды.
Айта кетсек, бұған дейін Ақмола облысында зират маңында жеңіл көлік өртенгені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript