Шымкентте қойма өртенді
Сурет: Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Шымкент қаласының "101" жедел байланыс желісіне өрт туралы қоңырау сағат 14:42-де келіп түсті. Еңбекші ауданындағы Сайрам көшесінде қойма өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрынғы кірпіш зауытының аумағында "NIК Дистрибьюция" ЖШС-ның бір қабатты қоймасы өртенді. Ғимараттың өзі П қарпі тәрізді, жартылай аумағында екі қабатты нысандары да бар.
Алдын ала деректер бойынша қоймада ЛДСП, ламинат және тұрмыстық техника сақталған. Өрттің жалпы ауданы - 1800 шаршы метр. Өрт сағат 17:07-де ауыздықталды. Өрттің себептері мен материалдық залалдың мөлшері анықталу үстінде.
Жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 120 қызметкері, 25 техникасы, бір өрт сөндіру пойызы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы, жедел медициналық жәрдем бригадасы, полиция департаментінің 30 қызметкері мен тоғыз техникасы, жергілікті атқарушы органдардың жеті қызметкері мен жеті техникасы аяғынан тік тұрғызылып, өртті сөндіруге жұмылдырылды. Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Жұмысшылардың бірін күйік шалды, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты.
Сурет: Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript