Жүк салғыштағы қолы-аяғы матаулы адам. Елордада пранк жасағандар ұсталды

Пранк, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2022 17:05 Сурет: Zakon.kz
21 сәуірде сағат 19: 28-де "102" шұғыл байланыс желісіне Сейфуллин-Уәлиханов көшелерінің қиылысында "Аймақтау" сауда үйі маңында көліктің жүк салғышында аяқ-қолы матаулы жігіт бар екендігі туралы қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, ұсталды. Олар 19-22 жас аралығындағы жастар болып шықты.

Жігіттердің "әлеуметтік эксперимент" жүргізгені белгілі болды.

"Байқоңыр" ауданының полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыларды ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, яғни "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, материалдар түпкілікті шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын және айналадағыларға құрмет танытпау түріндегі заңсыз әрекеттерге барғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: