Ақмола облысында зират маңында жеңіл көлік отқа оранды

Өрт, жеңіл көлік, Ақмола облысы, мұсылман зираты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 21:49 Сурет: видеодан алынды
2024 жылдың 15 мамырында сағат 21.09-да Щучье ауданы, Бурабай ауылындағы мұсылман зиратының маңында мотордан шыққан оттан жеңіл автокөлік өртенді. Қызыл жалын 2 шаршы метр аумаққа тараған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД-ның жеке құрамынан бес құтқарушы және бір бірлік техника жөнелтілгенін нақтылайды.


"Өрт сағат 21.17-те оқшауланып, сағат 21.25-де толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды", делінген хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: