Алматыда жолаушылармен бірге троллейбус отқа оранды
Сурет: ҚР ТЖД баспасөз қызметі
2024 жылғы 2 сәуірде таңертең Алматыда Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жолаушылармен бірге троллейбус өртенді,- деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәтін салғанда, ішіндегі азаматтар өздігінен эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірнеше минут ішінде келген.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жанған троллейбусты сөндіру үшін жедел түрде көбік шашылған. Бұдан бөлек көлік конструкцияларын салқындатуға басқа да техникалар қолданылған.
Қабылданған шаралармен өрт 08:10-да локализацияланды, 08:15-те жойылды.
"Өрт анықталған жағдайда бірінші кезекте "101" - ге хабарлау керек, содан кейін алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану қажет".ҚР ТЖД баспасөз қызметі
Еске салайық, Алматыда осыған ұқсас қоғамдық көлік оқиғасы 2024 жылдың ақпан айында болған. Ол кезде өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші өртті сөндірген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript