Алматының қақ ортасындағы ғимарат отқа оранды

Төтенше оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2022 21:29 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Төле би және Әуезов көшелерінің қиылысында алапат өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 19: 23-те ТЖД күштері Төле би көшесі, 177 "б" мекен-жайы бойынша шақыру белгісімен оқиға орнына аттанды.

Сурет: Zakon.kz

Үш қабатты ғимарат өртке оранып, ұшқындаған жалын банк орналасқан көрші ғимаратқа қауіп төндірді .

Төтенше оқиға орнында өрт сөндіру үшін екі учаске белгіленді: оңтүстік және солтүстік жақтан. Өрт сатылары қойылып, өртке қарсы оқпандар іске қосылды. Автоцистерналар су желісіне қосылды. Осылайша, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнында 10 техника, 50 жеке құрам жұмыс істеді. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сағат 20:35-те ауыздықталды. Өрт сөндірушілер жалынның жақын орналасқан банк ғимаратына ұласу қаупінің алдын алды.

Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz тілшісінің хабарлауынша, көшеде автокөліктердің қозғалысы шектелді. Тек қоғамдық көліктердің аталған аумақпен жүруіне рұқсат етілді.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: