Алматыда қалалық прокуратураның ғимараты отқа оранды

Алматы әкімдігінен кейін қалалық прокуратура ғимаратынан да өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz
Бас көтерушілер Алматы прокуратурасының ғимаратын өртегені белгілі болды.
Мародерлар қоғамдық тамақтану орындары мен дүңгіршектерді тонап жатыр. Куәгерлер қалада атыс болып жатқанын айтуда.
Бүгін таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады. Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.
Одан соң Мемлекет басшысы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізді, оның барысында сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық ахуалына жол берген кінәлілердің аттары аталды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөнінде бірқатар қосымша тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, Алматы облысында ТЖ режимі енгізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript