Алматыда үш қабатты әкімшілік ғимарат отқа оранды

Өрт, Алматы, үш қабатты, әкімшілік ғимарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 22:42 Сурет: видеодан алынды
27 қаңтарда сағат 22-01-де Алматы қаласының өрт сөндірушілері Әуезов көшесі бойындағы үш қабатты әкімшілік ғимараттағы өртті сөндіруге аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл жалын иектеген аумақтың көлемі әлі белгісіз. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша жұмыс істеуде.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", делінген хабарламада.

ТЖМ күштері шақыру түскен сәттен бастап 24 минут ішінде, яғни 22-33-те өртті оқшаулау мүмкін болғанын нақтылады. Сәйкесінше, өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Бұған дейін Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: