Алматыда Жетісу ауданында төрт қабатты ғимараттың шатыры отқа оранды

Өрт, Алматы, Жетісу ауданы, төрт қабатты ғимарат, шатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 18:42 Сурет: unsplash
Алматы қаласының өрт сөндірушілері Жетісу ауданындағы Ақпаев көшесінде орналасқан төрт қабатты тұрғын үйдің шатырындағы өртті сөндіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаев көшесіндегі төрт қабатты үйдің шатырының өртенгені туралы ақпарат жедел байланыс желісіне 14 тамызда сағат 17:34-те келіп түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 17:44-те келіп жетті. 

"ТЖД күштері адамдарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіруге суды үздіксіз беру қамтамасыз етіліп, бірнеше су оқпандары берілді. Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қолданылып жатыр". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өртті сөндіру қалың түтінмен және жоғары температурамен күрделене түсуде.

Айта кетсек, 13 тамызда кешкі сағат 17:55-те Алматыда Бөкейханов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй өртенген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: