Алматыда тұрғын үй өртенді

Алматыда тұрғын үй өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 19:08 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Бөкейханов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға 13 тамыз күні кешкі сағат 17:55-те тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына шақырудың жоғарылатылған дәрежесі бойынша өрт сөндіру күштері мен техникасы жіберілген.

Алғашқы өрт сөндіру бригадалары хабар түскеннен кейін 6 минутта жеткенімен, жалын үйді толық шарпып, шаруашылық құрылыстарға таралып үлгерген.

Өрт оқиға орнына жеткен кезде дамыған сатыда болған. Қазіргі уақытта өрттің аумағы нақтыланып жатыр.

Өрт сөндірушілер жалынның көрші ғимараттарға жайылып кетпеуі үшін бар күшін салып жатыр. Оқиға салдары мен себептері анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: