Алматының тау етегінде тұрғын үй өртенді
Сурет: Zakon.kz
Алматының Медеу ауданындағы Крайная көшесінде жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматының төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, үй иесі 101 пультіне 21:49 шамасында қоңырау шалып, өрт туралы хабарлаған.

Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімінен топтар жіберілген.
"Жол бойында өрт сөндіру техникасына көктайғақ, сонымен бірге жеке көліктер қойылған тар жолдар кедергі болды. Келген кезде жалпы аумағы 70 шаршы метр болатын үй өртеніп жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.
Бір кезде өрт осы үйдің тұрғындары тұратын "времянкаға" өте жаздаған.

Сурет: Zakon.kz
Өрт сағат 22:48-де сөндірілді.
Құтқарушылар "времянканы" өрттен сақтап қалды.
"Өрт техникасының өтуіне кедергі жасамаңыз, адам өмірі соған байланысты!", - деп ескертті Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript




