Алматыда отқа оранған екіқабатты ғимараттағы өрт сөндірілді

Өрт, Алматы, екіқабатты дүкен, жиһаздар дүкені, наубайхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2024 10:13 Сурет: видеодан алынды
ТЖМ Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан екіқабатты ғимараттағы өрт толығымен сөндірілгенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ТЖМ күштерімен 150 шаршы метр аумақты алған өрт толығымен сөндірілді", делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, жиһаз дүкені мен оған жапсарлас орналасқан бір қабатты наубайхана өртенген.

Бұған дейін ТЖМ қалада екі қабатты дүкен өртеніп жатқанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ. Қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 29 маусымда сағат 08:20-да Ыкылас, 7Б мекенжайында өрт тұтанған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: