Астана ТЖД бастығы Марат Күлдіков Ақан Әкімжанов пен оның ата-анасын ҚР ТЖ Министрінің алғыс хаттарымен марапаттап, мектеп жиналысында бағалы сыйлықтар табыс етті.
Сурет: Астана ТЖД баспасөз қызметі
"Ақанның ерлігі арқылы адам өмірі сақталды. Әр азамат өзінің батылдығы мен өжеттілігін көрсете отырып, қиын сәтте көмекке келе алса, онда ол нағыз құтқарушы. Осындай баланы тәрбиелеген ата-аналар мен мектеп ұжымына рахмет", - деп атап өтті қалалық ТЖД бастығы Марат Күлдіков.
Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Астанадағы көпқабатты үйлердің ауласында жүргенде ол 4-қабаттағы балкон қоршауында ілулі тұрған баланы көріп, көмекке асықты. Ол 4-қабатқа жедел көтеріліп, 5 жасар баланы батыл әрекетімен құтқарып, болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды.