Алматыда бір мезетте екі ауданда өрт шықты

Сурет: pixabay
2024 жылғы 27 мамырға қараған түні бір мезетте Алматының Наурызбай және Жетісу аудандарында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, бірінші оқиға Наурызбай ауданының Қалқаман шағын ауданында орын алды. Тұрғын үйдің жертөлесінде макулатура жанып кеткен. Тұрғындар өз пәтерлерінен өздігінен шыққан. Алматылық құтқарушылар өртті жарты сағаттың ішінде сөндірді.

Екінші оқиға Жетісу ауданындағы жеке тұрғын үйде орын алды. Өрт 50 шаршы метр аумаққа тараған.

"Тілсіз жау салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталуда",- деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 25 мамырда Алматыда автокөліктерді жөндеу шеберханасында алапат өрт орын алып, екі көліктің күллі көкке ұшқан.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды