Алматыда автокөліктерді жөндеу шеберханасында өрт шықты: екі көлікке зақым келді

Алматылық құтқарушылар автокөліктерді жөндеу шеберханасында өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға бүгін, 25 мамырда Алматының Алатау ауданында болды.
Өрт салдарынан екі көлік зақымдалды. Өрт жақын орналасқан басқа нысандарға тарамады.
Жалын 130 шаршы метрді шарпыған, ол 25 минут ішінде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript