Кісі өлтірді деген күдікті қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Сурет: Telegram/GenPr
2024 жылдың 29 мамырында Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ол 2023 жылдың қаңтар айында Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының құрамында адам өлтірген.

Күдіктінің сыбайластары түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған.

Өткен жылғы желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді