Қарағанды облысындағы тас жолда жол-көлік оқиғасынан 11 адам зардап шекті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ЖКО 2 маусымда Қарағанды облысының тас жолында орын алып, 11 адамға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 14:10 – да Сарышаған-Балқаш автожолында, Балқаш қаласынан 10 км жерде болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ЖКО-сы 38 жастағы "Тойота Эстима" автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмауынан орын алған. Салдарынан жүргізуші мен оның 10 жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - деді ПД.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

ҚР ТЖМ хабарлағандай, 11 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендердің арасында бала да болған. Олардың барлығы Балқаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Ал, оңтүстік астанадағы 2 маусымдағы ЖКО-нан 4 адам зардап шекті.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар