Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2024 12:53 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2 маусымда сағат 07:00 шамасында Гоголь мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында Mitsubishi Outlander көлігі жолдан шығып кеткен. Ол бағанаға соғылып, арыққа құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, Гоголь көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатқан Mitsubishi Outlander жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соқтығысқан.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы зардап шекті. Олар медициналық көмекке жүгінді.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: