Алматыда жүк көлігі жол апатынан кейін аялдаманы қиратып, ағашқа соғылды

Алматыда жүк көлігі жол апатынан кейін аялдаманы қиратып, ағашқа соғылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 12:42 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Жароков пен Левитан көшелерінің қиылысында жүк көлігі мен кроссовердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыс салдарынан жүк көлігі жолдан шығып кетіп, аялдаманы қиратып, ағашқа соғылды. Апаттан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнындағы Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Dongfeng Captain жүк көлігі мен Deepal S07 кроссовері Жароков көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан.

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта жүк көлігінің жүргізушісі қазылған ордың алдында жылдамдығын бәсеңдеткен. Осы сәтте оның артынан жоғары жылдамдықпен келе жатқан кроссовер соғылған.

Алматыда жүк көлігі жол апатынан кейін аялдаманы қиратып, ағашқа соғылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 12:42

Сурет: Zakon.kz

Тілшінің айтуынша, қатты соққыдан жүк көлігі жолдың жүріс бөлігінен шығып кетіп, аялдама павильонын қиратып өткен. Одан кейін электр желісінің тірегіне, жарық бағанына және ағашқа соғылған.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, кроссовер жүргізушісі ауыр жарақат алмаған.

Алматыда жүк көлігі жол апатынан кейін аялдаманы қиратып, ағашқа соғылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 12:42

Сурет: Zakon.kz

Оқиға кезінде аялдамада адамдар болған. Алайда олар жүк көлігінің жақындап қалғанын байқап, дер кезінде шетке қашып үлгерген. Соның арқасында жаяу жүргіншілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабын елемей, қашып кетпек болған жүргізушінің жол апатына ұшырап, қаза тапқаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: