Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті
Фото: Zakon.kz
Көкшетауда маршруттық автобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тез тарады. Видеодан қоғамдық көліктің алдыңғы бөлігі мен жүргізуші кабинасының қатты зақымданғанын көруге болады.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 21 қыркүйекте сағат 10:40 шамасында Шанхай шағынауданындағы Застанционный көпірі маңында болған. Жолда №11 бағыттағы Yutong маркалы маршруттық автобус пен "ЗИЛ" жүк көлігі соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен қоғамдық көліктің жолаушысы медициналық мекемеге жеңіл дене жарақаттарымен жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.
Ведомство өкілдері аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік тәртіппен тиісті шаралар қабылданады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript