Қырғызстан ТЖМ ақпараты бойынша, сел тасқыны салдарынан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі азаматы қаза тапты, тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті деп саналады.
"Қазіргі уақытта табиғи апат орнында қырғыз құтқарушыларының күштері Қазақстан дипломаттары жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Қырғызстандағы біздің елшілік қаза тапқан балалардың туыстарына қажетті барлық көмек көрсетілуде.Аталған қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің айырықша бақылауына алынды. Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары орын алған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда". ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылады.
Бұған дейін Қырғызстан ТЖМ Ноқат ауданында табиғи апаттан жеті адам қаза тапқанын хабарлаған болатын.