Қырғыз елінде сел жүріп, жеті адам қаза тапты. Ноқат ауданында ТЖ режимі жарияланды

Ош облысының Ноқат ауданында сел жүріп, 7 адам қаза тапты, оның бесеуінің денесі табылды. Бүгін аталған ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жерглікті БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны әлі нақтыланып жатыр.
"Ауданда төтенше жағдай жарияланды. Сел Абшыр-Ата сарқырамасы маңындағы демалыс орында жүрген. Лай көшкіні екі көпірді жауып қалған, сондай-ақ 10 бағананы бұзып, 10 ауланы су басқан. Қауіп-қатер аймағында жүздеген жеке үй-жайлар бар", делінген хабарламада.
Сондай-ақ сел болған аймаққа іргелес орналасқан Абшыр-Ата сарқырамасындағы демалыс аймағында 1300 адам қалып қойған. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына тікұшақ жіберді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript