Қырғызстанда қаза тапқан жерлестеріміздің денесін елге жеткізу: ҚР ТЖМ мәлімдеме жасады

Сурет: видеодан алынды
Қазақстан Респубикасы ТЖМ-ның баспасөз қызметі сел тасқыны салдарынан қаза тапқан отандастарымыздың денелерін тасымалдау үшін Ош қаласына әуе кемесін жіберу мәселесі пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ош облысының Ноқат ауданы Абшыр-Ата ауылында сел тасқынының салдарынан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі азаматы қаза тапқаны, сондай-ақ тағы екеуі хабар-ошарсыз кеткені нақтыланады.  

"Қазақстан мен Қырғызстан ТЖМ басшылары орын алған табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан кейін тікелей байланыста. Барлық қажетті үйлестіру және ақпарат алмасу жұмыстары жүзеге асырылуда", делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін қырғыз елінде сел жүріп, жеті адам қаза тапқаны,  Ноқат ауданында ТЖ режимі жарияланғаны хабарланған. Кейіннен қаза тапқан азаматтар арасында қазақстандық балалар бары туралы белгілі болды.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз