ҚР құтқарушылары көрші елдегі селден қаза тапқан балалардың денелерін тасымалдау үшін Қырғызстанға келді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
30 маусымда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ҚР ҚМ әуе кемесімен Қырғыз Республикасының Ош қаласына біздің азаматтарымызды эвакуациялау және қаза тапқандардың денелерін елімізге тасымалдау үшін ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, ұшақ бортында ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен психологтары бар.

"Сонымен қатар бортпен Қырғызстанның сел тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына жалпы салмағы 2,7 тонна азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді. Кеше Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Ош облысы Ноокат ауданының ТЖ аймағына жіберілді. Бұған дейін ҚР ТЖМ ахуалдық орталығында жедел штаб құрылды, ондағы мамандар Қырғызстан ТЖМ және біздің елшілікпен тұрақты байланыста",- делінген ақпаратта.

Өскеменде ШҚО ТЖД бастығы Рашид Биляловтың үйлестіруімен екі тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Штаб базасында жергілікті атқарушы органдармен бірге қайтыс болған балалардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде.

Айта кетсек, Бұған дейін қырғыз елінде сел жүріп, жеті адам қаза тапқаны,  Ноқат ауданында ТЖ режимі жарияланғаны хабарланған. Кейіннен қаза тапқан азаматтар арасында қазақстандық балалар бары туралы белгілі болды. Кәмелетке толмаған екі жерлесіміздің қаза тапқаны және тағы екеуінің іздестіріліп жатқаны хабарланған. Көп ұзамай жоғалып кеткен екі қазақстандық баланың денесі табылғаны да хабарланды. 

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек