Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің хәлі туралы не белгілі

Сурет: primeminister.kz
Дәрігерлер Қарағанды облысындағы тас жолда болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салайық, жол апаты 14 шілдеде сағат 12:00 шамасында Ақшатау ауылынан 30 шақырым жерде болған. Автобус пен Toyota Estima шағын автобусы соқтығысты. Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

11 адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.

"Облыстың әртүрлі стационарларына 11 адам түсті. Олардың төртеуі амбулаториялық ем шаралардан өтті, алты адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуінің жағдайы ауыр - жансақтау бөлімдерінде. Барлығына толық көлемде көмек көрсетілуде",- деді бүгін, 15 шілдеде профессор Х.Ж. Макажанова атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы Берік Төлеубаев.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен 11 адамның бірі Ақсу-Аюлы медициналық мекемесінде екенін айтты.

Сондай-ақ, басқарма апаттан зардап шеккендердің арасында екі бала болғанын атап өтті: біреуі амбулаториялық негізде босатылды, біреуі (2008 жылы туған) бөлімшеде ем алуда.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді