Астанада нөсер жауын жауып, көшелерді тағы су басты

Сурет: pixabay
17 шілдеде әлеуметтік желіні пайдаланушылар нөсер жаңбыр салдарынан су басқан елорда көшелерінің видеосымен жаппай бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде жазып жатқандай, қазір Тұран, Ұлы Дала көшелері, сондай-ақ Жағалау ауданындағы учаскелер су астында қалды.

Видеодан автокөліктердің суда "жүзіп жүргенін" көруге болады, ал кейбір астаналықтар шалбарын тізесіне дейін түріп алып, жолды кесіп өтіп барады.

Айта кетсек, 10 күн бұрын астанадағы көшелерді су басқан болатын. Ол кезде әкімдік елордада жаңбыр суына арналған кәріз жүйелері мен тазарту нысандарын салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өткен еді.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз