40 миллионға алданып қалды: Ақтөбедегі алаяқтар мұнай компаниясына жұмысқа орналастыруға уәде берген

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының N2 соты 170-тен астам адамды алдаған алаяқтарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында 2022-2023 жылдар аралығында Ақтөбе облысының екі тұрғыны азаматтарды Атырау облысында орналасқан мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде етіп, алдау жолмен әр жәбірленушіден 50-700 мың теңге аралығында ақша алғанын анықтады.

Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, олардың 172 жәбірленушіден жалпы сомасы 40 миллион теңгеге жуық ақша қаражатын иемденгені белгілі болды.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, заттай айғақтармен, сот-экономикалық сараптама қорытындысымен, қылмыстық істегі басқа да дәлелдермен толық расталды. Нәтижесінде сот үкімімен сотталушылар алаяқтық жасауға кінәлі деп танылып, бірі 6 жылға, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сотталғандарға коммерциялық ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді